A place where you need to follow for what happening in world cup

Мерекелік марапат!

247

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД -158/1 мекемесінің басшылығы және жеке құрамы Құрметті аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін мекеме бастығының грамотасымен марапатталды!

Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Нұржан Абдрахманұлы әйелдер қауымына «Осы мерекелі күні Сіздерге өзімнің шексіз алғысым мен сүйіспеншілігімді білдіргім келеді. Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Еліміздің барлық қызмет салаларында адамзаттың нәзік жартысы қиындыққа мойымай, еселі еңбектері және кәсіпқойлығымен танылып, әр адамның өміріндегі қуанышты, әрі жарқын сәттердің көп болуына мол үлесін қосып келуде, Сіздерге шын жүректен ұзақ жылдарға мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Өмірлеріңіздің әр күні шуақты және жарқын болып, шығармашылық шабыт қуанышын, көңілге жағымды күтпеген сәттер мен жан жайлылығын сыйласын!» деп өзінің жүректен шыққан жылы сөздерін мекеме аруларына арнады!

Ізгі тілекпен Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/1мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Нұржан Кутумбетов Абдрахманович!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.