«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді, осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесі жеке құрам қызметкерлері сап түзеп мемлекеттік Әнұран айтылды. Сонымен қатар жеке құрам қызметкерлері арасында “Еліміздің рәміздері — еркіндік нышаны“ бейнесюжет көрсетілді. Режим және күзет бөлімінің бастығы әділет майоры Нурболат Нұрбайұлы жас қызметкерлерге Егемен еліміздің еңсесін көтерер, Тәуелсіз мемлекетіміздің туын асқақтатар ұланы болыңыздар! Баршаңызды мерекеме құттықтайтынын айтты.