A place where you need to follow for what happening in world cup

Мемлекеттік қызмет жандана түспек

405

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 133 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын және Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 138 қаулысымен бекітілген, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы.
Казақстан Республикасы Мәдениет және спорт министирлігінің 2019 жылғы 13 мамыр № 133 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министирлігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №138 бұйрығы «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы».
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, орындау ұзақтығы және орындалу кезеңдері:
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес акционерлік қоғам.
2) www. egov. kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырлады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Құжаттар мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтежиесі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде беріледі.
2) Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік корпарацияға құжаттарды тапсыру үшін барынша рұқсат етілетін күту уақыты -15 (он бес) минут.
3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты 20 (жиырма) минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз немесе электронды түрде беріледі. Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Сонымен қатар «Заңды тұлғалар» және «Жеке тұлғалар» сұраныстары мемлекеттік дерек қорында, сенімхат деректерінің бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесінде болуын тексеру. Сенімхат деректерінің бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесінде болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарлама құрастырамыз.
Шу ауданының мемлекеттік архиві азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын сақтауды, әлеуметтік құқықтық сипаттарындағы сұранымдардың уақытылы және сапалы орындалуын және әлеуметтік – құқықтық сипаттағы ТМД елдерінен келіп түскен сұранымдарын уақытылы жөнелтілуін қамтамасыз етуге ерекше ерекше көңіл бөлудеміз.
Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.

Ж.ҚОЖАГЕЛДИЕВА,
Шу аудандық мемлекеттік архивінің архивисі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.