A place where you need to follow for what happening in world cup

Мәсімов пен оның жақындарына қатысты тың деректер белгілі болды

419

Қазақстанның бұрынғы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылды.

livejournal сайтының мәліметінше, Мәсімовтың қайын ағасы Дильшат Азатұлы Машуровтың Америкада 16 зәулім үйі бар.

Басылым АҚШ-тың риэлторлық компанияларының ресми сайттын қарай отырып, мүліктің жалпы құны 20 млн доллардан асатынын анықтады.
Мысалы:
Калифорния штатындағы Фремондтың беделді аймағында орналасқан 2 450 шаршы екі қабатты гаражы бар үй. Құны 1 988 900 доллар

Дәл сол аймақтағы 1349 шаршы жерде орналасқан бір қабатты үй. Үйдің ортақ ауласында бассейні бар. Құны 902 500 доллар.
Осы аймақтағы 2376 шаршы жердегі үлкен сарай. Құны 732 700 доллар.
Калифорния штатындағы Линкольннің беделді аймағында орналасқан 942 шаршы жерде 4 деңгейлі, 2 бөлмелі бассейндік пәтер. Құны 639 200 доллар.
Калифорния штатындағы Лос-Анджелестің беделді аймағында орналасқан 2500 шаршы 3 жатын бөлмесі және 2 автокөлік гаражы бар дуплексті үй. Құны 506 500 доллар.
Аризона штатындағы Чандлерде орналасқан 2200 шаршы бір қабатты үй. Құны 491 200 доллар.
Аризона штатындағы Феникс тұрғын алабында орналасқан 1182 шаршы 2 жатын бөлмесі мен гаражы бар футтан астам дуплексті үй. Құны 300 000 доллар.

Добавить слайды.

Аризона штатындағы Темпенің жайлы аймағында орналасқан 1114 шаршы 2 бөлмелі пәтер. Құны 256 500 доллар.
Аризона штатындағы Темпенің беделді аймағында, Сан-Диегодағы Рэпид-Ситида орналасқан 560 шаршы кеңсе кеңістігі. Ол Аризона мемлекеттік университетінің жанында. Жалдау құны – 1320 доллар.
Басылым жоғарыда аталған Мәсімов пен оның отбасына тиесілі ғимараттардың бір бөлігі екенін алға тартты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.