A place where you need to follow for what happening in world cup

Кезекті сессия

280

Ағымдағы аптаның ішінде Шу аудандық мәслихаттың депутаты Нұржан Қадырбековтың төрағалық етуімен жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті алпыс үшінші сессиясы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша көтерілген 10 сауалдың бастысы «2019 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Мәлік Жүнісәлиев есеп берді. Сондай-ақ дәл осы сұрақтың төңірегінде Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Асылхан Шаймерденов және аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы Ілия Тортаев сөз сөйледі.
Аудандағы мәдениет ошақтарының жай-күйінен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсел Жазықбаева мен тұрақты комиссияның төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Жасұлан Әбенов ақпар берді.
Сессия барысында күн тәртібіндегі басқа да сұрақтар қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Аудандық мәслихаттың келесі сессиясына депутат Данабек Ахметов төрағалық етеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.