A place where you need to follow for what happening in world cup

Кездесуге ішімдік алып кірмек болған

166

Қауіпті індеттің таралуына байланысты Жамбыл облысының түзету мекемелерінде жазасын өтеушілерге туған-туыстарымен кездесуге тыйым салынған болатын. Жуырда аталған шектеу алынып тасталды. Сотталған күйеуімен жүзедесуге асыққан әйел өзімен бірге тыйым салынған зат алып өтпек болған жерінен ұсталды.

Оқиға Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде болған. З. есімді азаматша өзінің жұбайына ұзақ мерзімді кездесуге келген. Оның құйтырқы әрекеті мекеменің бақылау өткізу пунктінде жеке заттарын тексеру барысында анықталған.

Атап айтқанда, мекеменің және 5513 әскери бөлімінің тексеру тобы азаматшаның өзімен бірге алып өтетін заттарын қарау барысында ішінде қара түсті сұйықтығы бар пластик шөлмекке назары ауған. Оны ашқанда ішіндегі сұйықтықтан алкогольге тән иіс бары белгілі болған. Кейін З. оның «Кока кола» сусынымен араласқан виски ішімдігі екенін мойындады.

Белгілі болған жайттарға байланысты оның жұбайымен ұзақ мерзімді кездесуін болдырмау туралы шешім қабылданды.

Аталған факт бойынша материал жиналып, күдіктіні әкімшілік жазаға тарту мақсатында іс сотқа жіберілді. Заңнама бойынша мұндай жауапкершілікке тартылған адам сотталғандармен бір жыл мерзімге дейін кездесу құқығынан айрылады.

Дәурен Қуаныш,

ЖД-158/2 мекемесі режим бөлімі тексеру тобының жедел уәкілі,  әділет лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.