A place where you need to follow for what happening in world cup

Көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды

1 115

2024 жылғы мамыр айының 2-4 аралығында өткізіліп жатқан «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында, ағымдағы жылғы 3-ші мамыр күні Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен Тараз қаласының теміржол вокзалында халықтың көші-қоны заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 1975 жылы және 1999 жылы туылған екі азаматын анықтаған. Аталған шетел азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 3 бөлігі 1 тармағында көрсетілген, яғни шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінгені, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту салынды.
Тараз ст. ЖПБ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.