Жуырда ғана облыс әкімі Б.Сапарбаев ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандарды аралаған болатын. Облыс басшысы сапар барысында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін ретке келтіру керектігін жеткізген-ді.
Осыған байланысты Шу қаласындағы Сәтпаев, Сейфуллин орталық көшелерінде орналасқан алты көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен бүйір беттері толығымен жаңаша реңге енетін болды. Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Календеров қала ішін аралау барысында айтты. Қала кейпіне қатысты қолға алынған бұл жұмыстар демеушілердің қолдауына ие. Яғни үш үй демеушілердің көмегімен жөнделсе, қалған үш көпқабатты үйлер мемлекет қаржысынан жөнделетін болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.