A place where you need to follow for what happening in world cup

«Көгала қойдай көгерген» Тараздық кейуананың жағдайы жұртты шошытты (видео)

706

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы көрініске бей-жай қарау мүмкін емес. Әйелдің басы, денесі мен қол-аяғы түгел жарақатталған. Оны әлдебіреулер оңбай сабағанға ұқсайды.

Бұл жағдай Тараздағы қарттар үйінде болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Кейуананың әсіресе басы мен иығы қатты жараланғаны байқалады. Аяғы тіпті қатты қанталап кеткен.

Қатты ауырады. Соққы мына жерге тиді. Қатты қиналамын,

— дейді ол.

Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бейнежазба былтыр қазан айында түсірілген. Әжей сол кезде баспалдақтан құлап, жарақаттанған көрінеді. Ал оның бүкіл денесінің көгеруі қант диабетімен ауыратындығының салдары дейді жауаптылар.

Дегенмен, қарияның мұндай хәлге қалай жеткені жайлы нақты айту мүмкін емес. Себебі, ол биыл қаңтарда қайтыс болған. Оның көз жұмуына алған жарақаттары әсер еткені-етпегені де беймәлім. Аталған жағдай бойынша Жамбыл облыстық полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстарының нәтижесі жайлы алдағы уақытта хабарлаймыз,

— дейді ПД баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.