A place where you need to follow for what happening in world cup

Кәсіпкерлікті қолдау – қалыпты деңгейде

179

Шу ауданында төтенше жағдай режиміне қарамастан «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 2020 жылдың 3 айында жалпы аудан бойынша 7 жеке кәсіпкер 304 млн. 800 теңгеге несие алған. Оның ішінде 5 жеке кәсіпкер  270 млн 600 мың теңге субсидия алған. Ал, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) 34 млн. 200 мың теңгеге кепілдік арқылы несиеге қол жеткізген.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 4 283 518,0 мың теңгені құрайтын 163 инфрақұрылымдық жобалар әзірленді.

Инфрақұрылымдық жобалар келесі 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) Әлеуметтік-мәдени нысандарға жататын 10 жобаға713 087,0 мың теңге қаралып отыр.

2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарына жататын 5 жобаға 345 608,0 мың теңге қаралып отыр.

3) Инженерелік-көлік инфрақұрылымдық нысандарына жататын 130 жобаға 3 007 634,0 мың теңге қаралып отыр.

4) Елді мекендерді абаттандыру нысандарына жататын 18 жобаға 217 189,0 мың теңге қаралып отыр.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде 714 мың уақытша, 46 тұрақты жұмыс орны құрылып, оның 50%-ы халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы тартылатын болады.

«Ауыл-ел бесігі» жобасының аясында 277 255,0 мың теңгеге 4 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде  100-ден аса адам жұмыспен қамтылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.