A place where you need to follow for what happening in world cup

Кәсіпкерлерге қолдау көп

134

Кәсіпкерлік негіздеріне ауданда  129 азаматты оқыту жоспарланған. Алайда, халықтың бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлікке ниеттенгендіктен қазіргі уақытта 270 азамат онлайн режимінде дәріс алып жатыр.

Кәсіпкерлік бастамаларды несиелендіруге ауданда  64 азаматты  237,1 млн. теңге қаражатпен қамту жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге мал шаруашылығы кәсібін кеңейтемін деген 32 азаматқа «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» жолдама беріліп, 21 –і 75,8 млн. теңге көлемінде несие алды. Оған 79 аналық бас ірі қара, 288 бас аналық уақ мал, 11 асыл тұқымды қошқар, 19 бас аналық жылқы  алып шаруашылықтарын кеңейтіп жатыр.  Қалған 11 азаматтың құжаттары рәсімделуде.

Қайтарымсыз грант бойынша  111 адамға  61,4 млн. теңге жоспарланған.  Бүгінгі күнге 111 азаматқа 61,4 млн. теңге жеке шоттарына аударылып, кәсіптерін бастағандары  610 уақ мал, 2000 құс, 6 технологиялық жабдықтар, 5 еңбек құралдарын  алды. Қайтарымсыз грант алушылардың 22-і атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы, 10- көп балалы ана, 50-і – 29-ға дейінгі жас, 2-і мүмкіндігі шектеулі, 27-жұмыссыз, 1 пробация қызметінің есебінде тұрған азамат.

Шағын несие, қайтарымсыз грант алған  азаматтар  170 жаңа жұмыс орнын ашады деп күтілуде. Алғашқы алғандар бойынша бүгінгі күнде жұмыстары қарқын алған.

Жеке кәсіпкерлер туралы қалған азаматтарға үлгі ретінде ерінбей  еңбек еткен экономикаға үлес қосып отырған азаматтар туралы айтып өтуге болады. Сыздықов Орынбасар 3500 жұмыртқа салатын қызметі жоғары инкубатор алды. Алғашқы салған партиясы қазақы балапандар, екінші партиясы бройлер тұқымы. Енді  аудан тұрғындары Шуға шабылмай-ақ осы азаматқа сұраныс берулеріне болады. Құралбек Әли деген азаматымыз домбыра жасауды қалап, бүгінгі күнге 4 домбыра жасап, сұраныс бойынша өткізіп жатыр. Иманбеков Әбіш  ара балымен айналысуды ұйғарып, қазір жұмысын бастап кетті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.