A place where you need to follow for what happening in world cup

Күзетшіні ұрып-соғып, 1,5 млн. теңге тұратын кабельді ұрлап кеткен…

250

Талас аудандық полиция бөліміне «Секьюрити Сервис Центр» ЖШС басшысы тау-кен байыту кешені аумағынан кабель ұрланғандығы туралы шағымданды.
Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында таңертеңгі сағат төрт кездерінде күзет орнына белгісіз бетперделі үш тұлғаның тонау мақсатында басып кіргендігі анықталды. Күдіктілер 59 жастағы мекеме күзетшісін ұрып-соғып, байлап, 1,5 млн. теңге көлеміндегі кабельдерді ұрлап кеткен.
— Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесі бойынша қылмысқа қатысы бар Түркістан облысы және Тараз қаласының 29-30 жастағы үш тұрғыны ұсталды. Бұлтартпас дәлелдерге сәйкес күдіктілер кінәсін толықтай мойындады. Айғақ заттар тәркіленді, — деп мәлімдеді Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов.
Күдіктілер Талас аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 2-бөлігімен (тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы көзделген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.