A place where you need to follow for what happening in world cup

Интелллектуалды жарыстың жеңімпаздары анықталды

1 842

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институты «Баласағұн» музейінде студент жастар үшін «Smart-IQ» DULATY тақырыбында брейн-ринг интеллектуалды жарысын өткізді.

Студенттердің тек бір бағытта ғана емес, әртүрлі сала бойынша біліктілігін арттыруды көздеген іс-шараны Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент пен «Sanaly Urpaq» фронт-офисі бірлесе ұйымдастырғанын айта кету керек.

Брейн-рингке қатысу үшін алдын ала хабарландыру жасалып, өтініштер қабылданған. Нәтижесінде факультет және иниститут студенттерінен 5 команда бәсекеде бақ сынауға ниет білдірген.

Жарысқа қатысушылардың жас ерекшеліне шектеу қойылмаған. Үміткерге тек бір ғана сұрақ беріліп, 60 секунд ішінде команда бірлесе отырып дұрыс жауабын табу міндеттелді. Командалық жұмысты параққа жазып көрсетіп, төрешіге өткізуі тиіс. 3 деңгейден тұратын білім бәсекесі – жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызатынын анық байқауға болады.

«Sanaly Urpaq» фронт-офисінің бас маманы Мансұр Шамуратов бүгінгі брейн-ринг сайысын тек университет көлемінде ғана емес, қалалық, облыстық деңгейде өткізуді мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, бұл жарысқа 10-11 сынып мектеп оқушыларында қамту қажет екенін айтады. Осылайша біз болашақ студенттерді білім, ғылымға деген ынталарын арттырамыз дейді маман.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша «Ұстаз» институтының физика пәні мұғалімдерін даярлау мамандығының «Newton Power» командасы жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Ал осы институттың «Алаш» командасы 2-орыннан көрінсе,  Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Интелект» командасы үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы біліктілікті арттырып, тарихымыз бен мәдениетімізден сыр шертетін бүгінгідей білім бәсекелерін жиі өткізудің пайдасы көп. Сондықтан, осындай жарыстар алдағы уақытта да жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар еді.

 Медиа-қызмет.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.