A place where you need to follow for what happening in world cup

Індеттен құтылудың бірден бір жолы – вакцина

1 347

Әлем жұртшылығын дүр сілкіндірген COVID-19 індетінен құтылудың жалғыз жолы – вакцина. Сол себепті де, бүгінгі таңда көпшілік жұртр ерікті түрде екпе салдырып жатыр. Ал вакцина салдыруда белсенділік танытып, алғашқы болып салдырып жатқан Ішкі істер саласының қызметкерлері екендігі анық.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің толық құрамы түгелдей вакцина қабылдап үлгергендігі сөзіміздің дәлелі. Мекеме бастығының міндетін атқарушы Тимур Тоғызбаевтың айтуынша, жеке құрам қызметкерлері жаппай короновирус індетіне қарсы вакцина алуды ерікті түрде қолдап, «Спутник-V» екпесін салдыруға өз келісімдерін берген.

— Дәрігер алдын ала екпе алушылардың әуелі қан қысымы мен дене қызуын өлшеп, тексеріп барып екпеге рұқсат етті. Екпе салдырғаннан кейін қызметкерлердің жалпы денсаулығы, көңіл- күйі дәрігердің бақылауында болады. Өз басым дәрігерлік тексеруден өткен соң ғана вакцинаның бірінші кезеңін алдым. Қазіргі таңда өзімді жақсы сезініп, жұмысымды қалыпты түрде жалғастырудамын, — дейді Т.Тоғызбаев.

Айта кетейік, аталған мекеменің қызметкерлері жалпы ережеге сай, жиырма бір күннен кейін, екпенің екіншісін қабылдайтын болады.

Айгүл Танашева,
ЖД-158/5 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.