A place where you need to follow for what happening in world cup

«Халыққа көмектесу үшін шықты»: Арман Жұмагелдиевтің әйелі президенттен араша сұрады

743

«Дикий» Арманның (авт. – Жұмагелдиев) жұбайы Айкөл Әлікжанова президент пен Қазақстан тұрғындарына бейне үндеу жолдады. Ол қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген айыппен қамауға алынған күйеуінің ісіне объективті көзқараспен қарауды өтінді. Арандатуға берілмеуді сұрады. Айтуынша, Арман Жұмагелдиев алаңға билік пен халық арасына дәнекер болу үшін шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодағы келіншек өзін Арман Жұмагелдиевтің «қоғамдық қорғаушысы, әйелі әрі баласының анасы» ретінде таныстырды. Айтуынша, бұған дейін шет мемлекеттерде жүрген Арман Қазақстанға тек қызының дүниеге келуі себебінен оралған.

«Қаңтар оқиғалары басталған сәтте біз қызымыз екеуміз емханада болдық. Арман хабарласып, митинг болып жатқанын, бірақ әзірге тыныш екендігін айтты. Бірақ үйге баруымды сұрады. Үйге келген соң, халықтың көптеп жиналып жатқанын, митингтің ушығып баратынын айтты. Ол қонақүйде болды, бізге «ешқайда шықпаңдар» деді. Егер әйелі мен қызы оқиғалардың қақ ортасында болса, ол мұндайды ұйымдастыра ма?» – дейді Айкөл Әлікжанова.

Келіншектің айтуынша, Арман халық пен биліктің арасындағы кикілжіңді шешуге тырысып, елді сабырға шақыру үшін алаңға шыққан. Ол Арманның қиыншылыққа тап болған адамдарға азық-түлік таратқанын еске салды.

«Кез келген қылмыстың мотиві болуы керек қой. Менің күйеуім бір мезгілде адамдарды тамақтандырып, бейбіт тұрғындарды ұстап, оларға қастандық жасауы мүмкін бе? Бұл – логикаға сыймайтын нәрсе.
Менің күйеуім үнемі өз халқы үшін уайымдайды. Пандемия кезінде ИВЛ аппараттары мен дәрі дәрмек таратқанын ұйытпайық. Сондай-ақ ол тұрақты түрде 300-400 отбасыға ай сайын көмектесіп отырады», – дейді Арманның жұбайы.

Айтуынша, бұл Арман Жұмагелдиевтің еліне жасаған жақсылығының титімдей бөлігі ғана.

«Исламда қайырымды істі жария ету көзделмеген. Бірақ әлеуметтік желіде оқырман саны көп болғандықтан, өзгеге үлгі болу мақсатында кей істерін көрсетіп отырады», – дейді Айкөл Әлікжанова.
Ол жақын арада күйеуінің босап шығатынына сенім білдірді.

Еске салсақ, осыған дейін Жұмагелдиевтің ұсталғаны хабарланған болатын. Қазір ол Алматы қаласы бойынша ҚМДБ-ның тергеу изоляторында жатыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.