A place where you need to follow for what happening in world cup

Ерліктері ұрпаққа үлгі

251

«Даңқ» аллеясында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай митинг өтті. Митингіге Ауған соғысының ардагерлері, қаза болған жауынгерлердің ата-аналары, туыстары қатысты. Шара жергілікті билік өкілдерінің, аудандық әкімдік, мекеме және ұйым басшыларының  Ауған соғысында қаза тапқан боздақтардың ескерткіштеріне гүл қою рәсімінен басталды. Осыдан кейін бір минут үнсіздік жарияланып, жауынгерлердің жарқын бейнесі, азаматтық келбеті еске алынды. 

-Биыл міне, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 31 жыл толып отыр. Сұрапыл соғысқа біздің ауданнан 121 азамат қатысып, Отан алдындағы борышын өтеді. Өкінішке орай, Б.Таятаев, Д.Өтепов, А.Қойлыбаев, Қ.Орынбаев, М.Абдуганиев, Х.Хамиджанов, А.Волощенко сында жеті жерлес жауынгер Ауғанстан жерінде шейіт болды. Олардың барлығы көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Жалыны шарпыған сұм соғыста дұшпандармен бетпе бет келіп, кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, бүгінде ортамызда жүрген батырларымызға да лайықты түрде құрмет көрсетіліп жүр. Отан алдындағы борышын туған елінен жырақта өтеген интернационалист-жауынгерлер өскелең ұрпақ үшін үлгі тұтар жандар,-деген аудан әкімі Ж.Айтақов ізгі лебізін білдірді. Бұдан бөлек, Ауған соғысының ардагері, жауынгер-интернационалист Аманжол Қызметов, Дінәсіл Қаратаевтың анасы Орынтай Қаратаева да сөз сөйлеп, енді бұндай қасірет болмай, еліміз бейбітшілік болсын деген тілегін айтты.

Салтанатты сәтте аудан әкімі Ж.Айтақов бірнеше жауынгерлерді Аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен, аудандық мәслихат хатшысы Е.Өмірәлиев Шу ауданының Құрмет грамотасымен, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Н.Бөден алғыс хатпен  марапаттап, гүл шоқтарын ұсынды. Сондай-ақ, Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлердің ата-аналары, бауырлары мен жесірлеріне арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Айғаным АСҚАРБЕК

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.