A place where you need to follow for what happening in world cup

Ерлік – халыққа мұра, жас ұрпаққа ұран!

1 050

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Тимур Қамбарұлы қызметкерлердің қызметке кірісу алдындағы нұсқаулықты “Ерлік – халыққа мұра, жас ұрпаққа ұран”- деп бастады, өз сөзінде Тараз қаласында 2011 жылғы 12 қарашадағы қанды оқиғада қаза тапқан Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алып, сол күнгі шешуші сәтте «жаным арымның садағасы» деген Ғ. Байтасовтың сөздерін айтып мекеменің барлық қызметкерлерініне туған елін, жерін шексіз сүюге, Отан алдындағы Антына адал болуға, тарихын қастерлеуге және ұлттық патриотизм сезімін арттыру көзі ашық көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу әрбір азаматтың міндеті екендігін айта кетті. Сонымен қатар мекеме аумағында орналасқан ерлік бұрышы Ғ. Байтасовтың бюстіне шоқ гүлдері қойылды.

әділет капитаны А. Ерубаева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.