Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» деп жарияласа, 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Жастарды қолдап, көтеру барысында осындай екі жылды қатар болашақ жастарға арнап берді. Себебі, еріктілер де жастардан құралған біршама топ. Қазіргі таңда жастардың болашағы үшін, үміт артқан Елбасымыз қолдау көрсетіп, болар жастың алдын шаппай оған демеу болып алға ұмтылдыруға барын салды. Бұл да біздер — болашақ жастар үшін туа бермес үлкен мүмкіндіктің бірі деп білемін.
Бірден бір себебін айта кететін болсам, еріктілердің жұмыс жасап, өздерін дамыта түскен кезеңі «ЭКСПО-2017» деуге болады. Қазақстанға əр елден келген қонақтарға жол көрсетіп таныстырған да осы ерікті жастар. Бұл да жастар үшін де мемлекет үшін де орны толмас қуаныш пен мақтанышқа алып келді. Мемлекетімізде осындай білімді жəне қонақжайлылығымен көзге түскен жастар өзге елге үлгі боларлықтай үлкен ат салысты.
Н.Ə.Назарбаев бастамасымен жүзеге асып жатқан жастарға арнап «Дипломмен ауылға» сынды бағдарламалар жастарға үлкен мүмкіндік беруде. Бұл бағдарламалар арқылы жастар қауымы еліміздің түкпір-түкпірінен дипломмен жұмысқа тұрып, баспаналы болуда. Ел болашағын бірнеше жылдан кейін жастармен елестете аламыз. Себебі болашақ біздің, яғни жастардың қолында, сол себепті Елбасымыз жастарға деген сенімге баса назар аударып, қолдау көрсетуде.
2020 жылы еріктілерден құралған топтар өз үлестерін тигізуін тоқтатқан емес. Жалпы айтқанда, осы жылы əлемді қиындыққа душар қылған коронавирус салдарынан біздің елде де жағдайы жоқ отбасыларына біршама қиындық туды. Осындай отбасыларға көмек қолын созып, атсалысып жүрген ерікті жастар. Бізге еліміз үлкен сенім артып отыр. Сол сенімді ақтау үшін əрбір жас жеткіншек өзінен бастауы қажет. Отанға, елге деген патриоттық сезімді оятсақ біз алмайтын асу мен қамал жоқ дегім келеді.
Ұлжан Көшен,
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің 2-курс студенті.