A place where you need to follow for what happening in world cup

Сәт сапар, жас түлек!

175

Биылғы жылы ауданымызда мектеп бітірушілер төтенше жағдайға байланысты 5 пәннен жазбаша және ауызша емтихан тапсырмай, тек қана Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Барлық аудан мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі болып,   273 оқушы үлкен өмірге жолдама алды. Олардың 20-сы «алтын белгі» мен «үздік аттестат» иегерлері атанды. Ал 20 маусым күні жоғары оқу орнына түсуден үміткер 249 түлек ұбт-ға қатысты. Осы республикалық маңызды шара ауданымызда осы аптаның жексенбісі күні Абай атындағы орта мектепте таңертеңгі сағат 08.00-де басталды. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты биыл ұбт үш күнге созылды. Бірінші кезеңде 83, екінші кезеңде 82, үшінші кезеңде 84 оқушы тест тапсырды

Білім сынағы басталмастан алдын тест тапсырушылар тестілеу пункттерінде қойылған баррикада ленталарында нүктелер белгіленіп, талапкерлер бір-бірінен 2 метр қашықтықты сақтап тұрды. Кейін залалсыздандыру туннелінен өтіп, аяқкиім арнайы кілемшелермен, қол санитайзерімен залалсыздандырылып, әр талапкердің дене қызуы өлшеніп, медицина маскасы таратылды. ҰБТ өткізілетін орында мектеп түлектеріне арналып алдын ала аудиториялар жабдықталды. Әр аудиторияға бейнебақылау камералары орнатылып, ұялы телефон байланысын болдырмайтын және металл іздеуге арналған қондырғылармен жабдықталды. Аудандық ҰБТ ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияға әр аудиториядағы әр баланың дайындық барысын орталық қабылдау жүйесінен көріп, бақылап отыратын мүмкіндік туды. Осы күні таңертеңгі сағат 09.00-де барлық аудиторияларға жас түлектер орналасып үлгерді. Сол күні барлық құқық қорғау органдары қызметкерлері ғимараттың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтауда қырағылық танытты. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, өрт қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді. Тест өту барысында кейбір өзгерістер жайлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жаңатас қаласындағы филиал басшысы Болат Дулатұлы Утешевтен сұрап-білген болатынбыз. — Осы жылы ҰБТ форматы өзгертілген жоқ. Барлығы бес пән – үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өтеді. Барлық тест тапсырмасының саны – 120, максималды балл – 140. Ал, тестілеуге бөлінген уақыт өткен жылдары 3 сағат 50 минөт болса, биыл 10 минөт қосылып, 4 сағат болды. Ата-анаға, балаларды алып жүруші тұлғаларға ҰБТ пункттерінде күтуге тыйым салынды. Ата-ана тестілеу барысын ҰБТ өтіп жатқан жерге келмей-ақ, үйінде отырып көруі үшін онлайн трансляция жасалды. Онлайн трансляцияға арналған сілтеме БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы таратылып, көпшілікке жария етілді. Кез келген адам сілтеме арқылы өтіп, ҰБТ-ның қалай өтіп жатқанын көре алды. Бұдан бөлек, тестілеуге қатысатындарға тапсыру орындарында қарапайым калькулятор берілді. Сондай-ақ, өткен жылғы тестілеу кездерінде әр аудиторияда 25-30 баладан отырса, ал биыл пандемия ауруына байланысты 2 метр қашықтықты сақтап, 9 талапкерден отырды,-деді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.