A place where you need to follow for what happening in world cup

Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт бой көтерді

63

Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт бой көтерді. Бүгін ашылу салтанаты болады  деп хабарлады turkystan.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Мешіттің үлкен күмбезінің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Оның биіктігі – 130 метр.

Сонымен қатар, мешіттің жерасты қабатында 440 орындық банкет залы, 405 орындық жабық паркинг, вестибюль, дәретхана, техникалық, ритуалдық қызмет көрсету орны, құрбан шалу орны және басқа бөлмелер орналасқан.

Бірінші және екінші қабаттарда намаз оқитын орыннан бөлек сыныптар, конференц-зал, неке қию залы, Құран оқитын бөлме, телестудия, кеңселер, қызметтік бөлмелер, дүкендер, мұражай және техникалық бөлмелер бар.

Сурет: Серікжан Қобыланбаев

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.