A place where you need to follow for what happening in world cup

Елордада Е-34 көшесінің учаскесі толығымен жабылады

30

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Е-34 көшесіндегі жол төсемі жұмысын бастады. Бұл туралы turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Ағымдағы жылғы 2-20 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Е-34 көшесінің Е-15 көшесінен Е-17 көшесіне дейінгі учаскесіндегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», – делінген бейінді басқарманың хабарламасында.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.