A place where you need to follow for what happening in world cup

Елорда тәжірибесі Таразда да табысты жүзеге асуда

204

Таразда Нұр-Сұлтан қаласы тәжірибесі негізінде «Көше саудасы – 100 орын» жобасы іске асырылуда. Аталмыш жоба жабайы сауда орындарын азайтып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай туғызады.

Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев өз есебінде мәлімдегендей, заманауи талапқа сай дүңгіршектер мен павильондар орнату үшін бір типті эскизі бекітіліп, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы 41 жер телімдері жеке кәсіпкерлерге жалға берілді, қазіргі таңда оның 27-де заманауи павильондар салынып жұмыс жасауда.

– Сонымен қатар, әлеуметтік негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қала аумағынан әлеуметтік дүңгіршектер салу үшін қосымша 55 жер телімі «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на берілді. Бұл жұмыстар күнделікті бақылауда.

Құрметті Асқар Исабекұлы, Сіздің тапсырмаңызға байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларына нан өнімдерін төмен бағамен, яғни 75 теңгеден сату мақсатында тиісті отбасылардың тізімі анықталып, қаладағы жұмыс жасап тұрған 7 наубайхананың 6-уымен екі жақты меморандум жасалды, – деді шаһар басшысы есебінде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.