A place where you need to follow for what happening in world cup

Елімізде коронавирустан 2 адам қайтыс болды

43

Елімізде коронавирустан 2 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

1 тамыздағы мәлімет бойынша, тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 33 адамнан анықталды. Жалпы, пандемия басталғалы пневмониядан 5 357 адам қайтыс болды. Ал коронавирустан 2 адам көз жұмды. Бүгінге дейін вирустан 13 666 адам көз жұмды.

3 тамыздағы ақпарат бойынша, Қазақстанда қазір коронавирустан 27 747 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 505 пациент стационарда, 26 242 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында 32 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.