Талас ауданында егіс алқаптарына ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспары 100 пайызға орындалған. Оған қоса аймақта егістік алқабы 1303 гектарға артқан. Осылайша аудан диқандары барлық егістік жердің 85 пайызын игеруге қол жеткізген. Мұндағы күздік бидай 4800 гектар алқапқа себілсе, көпжылдық шөп 4465 гектарды құрайды. Сонымен қатар 2720 гектар жер парға дайындалған.
Көктемгі дала жұмыстарын кезінде 4260 гектар алқапқа жаздық ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде 1400 гектар жаздық арпа, 480 гектар дәндік жүгері, 560 гектар мақсары, 40 гектар күнбағыс, 130 гектар картоп, 300 гектар бақша, 200 гектар көкөніс, 130 гектар жерге қант қызылшасы және 1000 гектар көпжылдық шөп жаңадан орналастырылды.
Жалпы аудандағы егістік жерлердің 15083 гектарын электрондық картаға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде жоспарланған жұмыстың 81,7 пайызы орындалды. Сондай-ақ жайылым жер бойынша 427 шаруашылықтың 799 мемлекеттік актісі бойынша 294 мың 108 гектар жер қалыптастырылды. Ал шабындық жер бойынша 51 шаруашылықтың 71 мемлекеттік актісімен 4661 гектар жер картаға енгізілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық