A place where you need to follow for what happening in world cup

4 елді мекенге газ, 2 елді мекенге ауыз су тартылып жатыр

149

Биыл облысты дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Талас аудандағы Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Қайыр, Арал елді мекендерінде ішкі газ тарту желісі тартылып жатыр. Бұл жұмыстарға өткен жылы қазынадан 391 миллион 500 мың теңге бөлінсе, биыл бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 43 миллион теңге қаржы қарастырылды.
Жалпы бүгінде аудандағы 23 елді мекеннің 14 елді мекені газдандырылған. Қазіргі таңда 14 мыңнан астам аудан тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізген.
Аймақта «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Майтөбе ауылының су жүйелерінің құрылысы қолға алынып, бұл жұмыстарға 111 миллион теңге қаржы бөлінді. Өтпелі нысанға биыл 220 миллион теңгеге қалған жұмыстар жалғасын тапты.
Сонымен қатар Қаратау қаласындағы Көктал су құбыры жүйесінің құрылысына, 2020 жылға 333 миллион 333 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жоба 2021 жылы пайдалануға беріледі.
Бүгінгі күнге таластықтардың 69 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Алдағы уақытта тіршілік нәрін ауыз су ұңғымасынан алып ішетін Қожағаппар, Қараой, Ақтөбе, Тұрымқұл, Сейлбек, Арал, Қайыр елді мекендеріне су құбыры тартылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.