A place where you need to follow for what happening in world cup

Діни ағымдардың алдын алу – қоғам қауіпсіздігі

409

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі дін тұрғысындағы сауаттылықты арттыру, қоғамдағы жайттарға саналы көзқараспен қарау болып саналады. Зайырлы және демократиялық даму жолындағы Қазақстан үшін алға қадам басу факторларының бірі дінге деген ниеттің түзулігі екені белгілі.
Діни радикализмның және экстремизмның идеологиясы жахандық ақпараттық ресурстар мен адамдар арасындағы қарым – қатынастар арқылы шабуылды ақпараттық-психологиялық әсер ету жолымен қоғамдық санаға енеді. Бұл методологиялық ұстанымдар Қазақстан Республикасындағы діни эктремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясатының тұжырымдамасында көрініс тапқан.
Жоғарғы бағдарламалық құжаттардан туындайтын басым міндеттерге сәйкес мемлекеттік зайырлық қағидаттарын нығайту мақсатында жалпы алдын алу жұмыстарына саясаттанушы, психолог, дінтанушы, мәдениет танушы, тарихшылар, заңгер, этнопедагогтар және т.б сияқты зайырлық пәндерінің жоғарғы білікті мамандары белсенді түрде тартылу керек.
Теолог мамандарды арнайы (адрестік ) және жеке (пенетенциаралық) алдын ала жұмыстарына тартқан жөн. Бұл орайда дәстүрлі емес және радикалды діни ағымдардардың жетегіндегі азаматтардың діни көзқарасы мен дүниетанымдық ұстанымдарын түзету адрестің алдын алу жұмыстарының мақсаты болып табылады.
Демек халықтың діни сауаттылығын арттыру міндеті тек ішінде дінге сенуші азаматтар арасында жүзеге асыруы керек. Бұған қарсы тұрудың тиімдісі жергілікті билік құрылымдары және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы-бұл мемлекеттік саясаттың әртүрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдардың тұрғындармен жүргізілген жұмыс нысандарының бірі болып табылады.
Ауданымыз бойынша ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің атқарып жатқан істері үлгі боларлық. Атқарылған шаруалар айтарлықтай өз нәтижесін көрсете білуде.
Түйіндей келе айтарым, діни экстремизммен қоғам да, мемлекет те күресе білуі қажет. Экстремизмнің заңға қайшы әрекеттеріне тосқауыл қойып, азаматтық бейбітшілікті жақсарту жолында жұмыстар атқаруға әр тұлға өз тарапынан атсалысуы керек.

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы,
Садыркулова Умида Темиркуловна.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.