Былтырдан бері Мойынқұм ауданында егіншілік жолын мықтап қолға алды. Оның үстіне аудан басшысы М.Мұсаевтің қолдауымен біршама шаруалар қолдарына кетпендерін алып егін алқаптарынан табылып жүгері егіп мол өнім алғаны баршамызға мәлім. Осы жүгері егумен Бірліктік шаруларда өз нәтижелерін көрсеткен болатын. Биылда өз жерлерін ұлғайтып жүгері, жоңышқа, арпа, тары егуді қолға алған шаруаның бірі Алмабек Әбдіқалықов.
«Байбарақ-Агро» деп аталатын кооперативінің жетекшісі А.Әбдіқалықовтың айтуынша, былтырғы жылы 25 га жерге жүгерінің «Қаз Будан» (круглы) сортын егіп, гектарына 8,5 тоннадан өнім алған. Ал биылғы жыл 35 гектар жерге «Каз Буданнын» (плоски) сортын егіп, қазіргі таңда бітік жүгеріні шабу үстінде. Сонымен қатар коператив 25 гектар жерге жоңышқа егіпті. Сондай-ақ А. Әбдіқалықов 8 гектар жерге тары сеуіп қойғанын да айтып қалды. Коопертив 1 трактор,1 сейлкамен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңада кооператвтің техникалары өзгеде шаруалардың жүгерілерін шауып жатыр.
Биыл аудан бойынша 5408 гектар суармалы алқап игерілді. Оның ішінде Бірлік ауылы бойынша 1445 гектар, Қызылтал ауылдық округі бойынша 1190 гектар суармалы алақап. Негізінен аса басымдық беріп отырған ауылшаруашылық дақылдары дәндік жүгері (1325 га), тары (420 га), арпа (250 га), жаңа жоңышқа (545га), бақша (408 га), картоп (101га) және көкөніс (196 га) өнімдері. Бүгінгі таңда 35 гектар жер жиналып, гектарына 10 тоннадан өнім алуда. Сондай-ақ 2019 жылмен салыстырғанда 334 гектар суармалы жер ұлғайтылды.
Айта кетейік, Мойынқұм ауданы – Жамбыл облысының солтүстік шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Жер аумағы 50,4 мың км². Батыстан шығысқа қарай 330 км, ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 275 км-ге созылып жатыр. Тұрғыны 32 539 адам (2019).
1964 жылы 31-ші желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысына байланысты, бұрынғы Көктерек ауданының аумағында қазіргі Мойынқұм ауданы құрылды. Аудан орталығы Фурмановка ауылы болды.