A place where you need to follow for what happening in world cup

Депутат пайдасыз бағдарламаға миллиардтап ақша бөлгенше, тегін үй салуды ұсынды

84

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ақбөпе Әбілқасымова баспана кезегінде тұрған жандарға тегін үй салып беруді ұсынып отыр.

Халыққа тегін үй салып беру туралы ойын ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

2-5 пайыз деген ақымақ бағдарламалардың орнына тегін үй салу керек. Онсызда баспана кезегінде тұрғандардың көбінің табысы төмен. Тіпті ең аз мөлшерлеме бойынша мемлекеттен тұрғын үй алғандардың өзі жылдар бойы борыштық құлдыққа түседі, — деп жазды депутат.

Сонымен қатар, ол үй салу біріншіден жұмыс орны, екіншіден экономикаға оң әсері барын алға тартты. Мысалға құрылысқа жұмыс күші керек, ал пәтер алғандар міндетті түрде ішіне қажет заттар сатып алады. «Ең бастысы — осындай мүмкіндік арқылы көптеген отбасыға қуаныш сыйлай аламыз» дейді.

Ақбөпе Әбілқасымова қазір пайдасы жоқ сан түрлі бағдарламаларға миллиардтап ақша бөлініп жатқанына ашынған. Ол карантин кезінде көпбалалы жанұяға көмектесу кезінде, олардың баспанаға мұқтаж екенін байқапты. Сол себепті осындай ойын ортаға салған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.