A place where you need to follow for what happening in world cup

Бостандыққа психологиялық дайындық!

392

 

Қазақстан Республикасының ҚАЖ Комитеті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы психологиялық қызмет тобының бас маманы, әділет подполковнигі Игнатенко Людмила Викторовнаның сотталған азаматтарға арналған бостандыққа дайындық сабақтарының бағдарламасы бойынша «Агрессиямен жұмыс» тренингі өткізілді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД
ЖД-158/1 мекемесiндегi шаруашылық қызмет тобына қалдырылған сотталғандармен өз iшiндегi немесе айналасындағылардың өзiне қатысты мiнез-құлқындағы агрессивтілік мәселелерiн жеңе бiлу мақсатында «Агрессиямен жұмыс» тренингінің алғашқы «Танысу» сабағы өткізілді.
Сабақ барысында сотталғандар осы жерде және осы реабилитациялық бөлмеден тыс жерде, жұмыс кезiнде сақталуы тиiс топтық тренингтiң жұмыс істеу ережелерімен танысып, сергіту жаттығуларына белсене қатысып, сұрақтарға жауап іздеп, бiр-бiрлерiмен жақынырақ танысты.
Сотталғандар тренинг өз бойындағы кемшiлiктердi жою, түзелуге алғы жол, жеке дамуын қалыптастыру, босатылғаннан кейiн қоғамға қайта әлеуметтендіру үшiн қаншалықты маңызды үлес қосатынын ұғынды.

ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің инспектор-психологы
әділет лейтенанты А.Е.Аташева.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.