A place where you need to follow for what happening in world cup

Бердібек Сапарбаев танымал әлеуметтік желілерде парақшаларын ашты

214

Бердібек Сапарбаев танымал әлеуметтік желілерде парақшаларын ашты. Бұл туралы Қанат Құлшыманов өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Құрметті жамбылдықтар!

Халықпен тиімді кері байланыс орнату – ел басшылығының қойып отырған басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, мен үшін облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болып отыру және соған орай жедел әрекет ете білу маңызды. Сіздермен ашық диалог орнату мақсатында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларымды ашуды жөн көрдім.

Өздеріңізбен өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолында жан-жақты пікір алмаса отырып, сындарлы қоғамдық диалог орната алатынымызға сенімдімін.

Біздің ортақ мақсатымыз – өмір сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу, Жамбыл өңірін өмір сүруге және жұмыс істеуге барынша қолайлы мекенге айналдыру» – деп жазды аймақ басшысы өзінің алғашқы жазбасында.

Facebook-те Жамбыл облысының әкімін Бердібек Сапарбаев, в Instagram – saparbayev_bm никтері арқылы табуға болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.