A place where you need to follow for what happening in world cup

Бекболат Орынбеков Сарысу ауданына арнайы іссапармен барды

150

Сақтық шаралары мен бағаның орынсыз көтерілмеуін тексеру, бақылау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков Сарысу ауданына арнайы іссапармен барды.
Сапар барысында орталық аурухана жұмысымен танысып, Түркістан облысы мен Жамбыл облысы шекарасындағы Жайылма ауылдық округінде орналасқан санитарлық бақылу постың жұмысын көзбен көрді.
Облыс әкімінің орынбасары жалпыхалықтық орын алып жатқан өзекті мәселеге қатысты тек сақтық пен қауіпсіздіктің алдын алу арқылы сабырлық сақтап, ауызбірлігіміздің арқасында ғана жеңе алатынымызды тілге тиек етті. Атқарылып жатқан шараларға қатысты бірқатар тапсырмалар мен темірдей тәртіппен талаптарды ескертті.
Босқа дүрлікпей, жалған ақпарат таратуға жол бермей, әрбір адам өзінің және отбасының денсаулығын ойлап әрекет етсе ғана біз аз уақытта қиындықтан шығатынымызды да айтып өтті.
Осындай ел басына күн туған шақта бес саусақтай бірігіп, бірлікпен еңбек етуіміз керек,-деген облыс әкімінің орынбасары дүкендердегі баға тұрақтылығын да назардан тыс қалдырмады.
«Аль-Асад», «Шах» дүкендері мен қоса орталық базардағы көтерме сауда дүкеніне кіріп, негізгі азық-түліктің сатылу жұмыстарын көзімен көрді.
Содан соң 3 шағынаудан 30 үйде орналасқан тігін цехына барып, аудан әкімдігі арқылы келісіммен тігіліп жатқан бетперделердің сапасын көрді.
Сонымен қатар мәдениет үйіндегі белсенді отбасылардың өз қаражаттарынан волонтерлік жасап,бетперделер тігіп, тегін таратып жатқанына куә болды.
Сарысуда коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша қарқынды шаралар жүзеге асуда.
Ауданда ахуал тұрақты. Төтенше жағдай кезіндегі ахуалды бақылау және инфекицяның таралуына жол бермеу бағытында 10 мобильді топ құрылған.
Жұмыс барысында топ мүшелері ауданда барлығы 582 нысанды(тамақтану орындары, білім беру мекемелері, діни ғибадат үйлері, медициналық мекемелер, ХҚКО, сауда орталықтары мен базарлар, спорт нысандары, өндіріс, вокзалдар және басқа да мемлекеттік мекемелер, қоғамдық орындарды) аралап, ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізді.
Індетті алдын алу және болдырмау мақсатында санитарлық блок пост Түркістан облысымен шекаралас Жайылма ауылдық округі орнатылды.
Облыстық маңыздағы жол Шолаққорған-Саудакент тас жолына қойылды.
Сондай-ақ, сақтық шараларын сақтау мақсатында Жаңатас-Шымкент тас жолының 23-ші және 45-ші шақырымдары толық жабылған.
Блок постта аудандық полиция бөлімінен – 2, аудандық орталық ауруханадан – 2, облыстықСЭС-тен – 2 қызметкерден күнделікті кезекшілік құрылды.
19-22 наурыз күндері(пост ашылғалы)ауданға 326 көлік кіріп, 756 адамға арнайы анкета толтырылған.
Арнайы техниканы(ДУК) жұмылдыру арқылы Жаңатас қаласы ішінде адам көп шоғырланатын және жүретін (аллеялар, аялдамалар, балалар алаңшалары, орталықбазар, жаяу жүргіншілер жолдары және т.б.) аумақтар дезинфекцияланды.
Жалпы аумағы 10000 шаршы метрді құрайды.
20 наурыз күні аудан әкімдігі тарапынан тұрғындар көп келетін мекемелерге (Халыққа қызмет көрсету орталығы, Полиция бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы, Жаңатас қаласы әкімідігі) дизенфекциялауға арналған заттар берілді.
Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер «бетперде тағу» режимінде жұмыс істеуде.
Аудан аумағында ең ірі өндіріс ошақтары – «Қаратау» ТКӨК, «Еврохим» ЖШС және «Жаңатас ЖЭС» ЖШС-нің өндіріс алаңдарында санитарлық талаптар толық сақталған.
Бүгінгі таңға дейін, аудан аумағында «COVID-19» инфекиясы жұқтырғандар тіркелмеген. Қалыпты жағдай сақталуда.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.