A place where you need to follow for what happening in world cup

Жас полицейлер тал отырғызды

349

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына Тараз қаласының Полиция басқармасында тәлімгерлер кеңесінің бастамасымен ішкі істер органдарының ардагерлері мен жаңадан қабылданған жас мамандар тал отырғызды.

Іс-шараны Тараз қаласы Полиция басқармасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция подполковнигі Базархан Қойбақов ашып, келе жатқан мерекемен құттықтап, қызметте толағай табыстарға жетуді тіледі.

Аталмыш шара барысында ардагерлер және жас мамандар мен олардың тәлімгерлері 50-ге жуық арша талының көшетін отырғызып, табиғатты көркейтуге өз үлестерін қосты.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.