Халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиясы бүгінде тұрғындардың жайлы өмір сүруін арттыру мақсатында көптеген тындырымды істердің басы-қасынан табылып жүр. Осы орайда партияның 5 жылға жоспарлаған сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында жұмыстарын аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер И.Тоғанбаева, Н.Абдуалиев, Т.Әбдібеков Ақбастау ауылдық округіне қарасты Шоқай ауылында болып қайтты.
Тұрғындар партия өкілдерін жылы қарсы алып, үй ішінде емен-жарқын әңгімелесті. Кандидаттар бағдарламадағы басты бағыттарды түсіндіруде келер жылы бұл ауылға таза ауызсу құбыры тартылатынын, дәрігерлік медициналық пункт, интернет желісі іске қосылатынын, тағы басқа да игілікті жұмыстар қолға алынатынын түсіндірді.
«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайық өмір!» сайлауалды бағдарламасын үгіттеген үміткерлер алдағы 10 қаңтарда болатын сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Сонымен қатар жылы кездесуде партияның алға қойған мақсаттарын, атқарып жатқан жұмыстарын зейін қойып тыңдаған тұрғындар да өз пікірлерін айтып, сайлауда Nur Otan» партиясын қолдайтындарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.