A place where you need to follow for what happening in world cup

Ұрпақ алдында жауаптымыз

170

Облыс əкімі Б.Сапарбаевтың өңір тұрғындарына жолдаған Үндеуін оқып шығып, бала өміріне деген жауапкершілігіміз одан əрі арта түскендей. Облысымызда орын алып жатқан оқиғалар тізбегі ойлантарлықтай екен. Бесіктен белі шықпаған жасөспірім балғындардың өмірі тек қана бақытқа лайық деп білемін. Мемлекет болып, халық болып кəмелеттік жасқа толмаған жастарымыздың қауіпсіздігін жіті қадағалап отыруымыз қажет. Осы тараптан ата-ана, ұстаздар қауымы, құқық қорғау органдары бір кісідей атсалысып, мезгілсіз жайттарды болдырмауды əдетке айналдырайық. Отан отбасынан басталады. Отбасының бөлшегі, шаттығы балалар тағдырына көз жұма қарамайық. Ұрпағымыздың қамы мен келешегінің қауіпсіздігін естен шығармайық дегім келеді

Райхан Досымбек,
ардагер ұстаз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.