A place where you need to follow for what happening in world cup

Балалар қауіпсіздігі ортамен тығыз байланысты

250

Қазіргі таңда өзекті тақырыптардың біріне айналған жас жеткіншектердің қауіпсіздік мəселесі. Осы орайда облыс басшысы Б.Сапарбаев өңір тұрғындарына, барша жерлестерге үндеу жасады. Ата-ана, мектеп, балабақшада берілетін тəртіп пен тəрбие негізін берік ұстануымыз əрқайсымыздың өскелең ұрпақ алдындағы борышымыз. Балалар қауіпсіздігі ортамен тығыз байланысты. Саналы жастар өссін десек, тəлімді ерте жастан бастау дұрыс. Сонда бүгінгі таңдағы кейбір келеңсіз жайттар орын алмас еді. Сіз болып, біз болып жасөспірімдерге оң жолды нұсқау ертеңімізге сенім тудырады.
Облыс басшысы атап өткендей, қараусыз қалған балалар білместікпен талай опық жейтін жайттарға тап болады. Үйде ата-ана қарауында болуы шарт. Оқу кезінде мектептегі ұстаздары қалт жібермесе игі. Əр мұғалім психолог іспетті өз оқушысының жағдайын жете ұғынады. Өзім осы салада біршама жыл еңбек атқарған ұлағатты ұстаз есебінде айтарым, баланың жан дүниесіне үңілген жан ғана осы атауға лайық. Қателік жасаудың алдын алып, дер кезінде сапалы білім мен тəртіпті алдыңдағы оқушыға сіңіре алу керексің. Барша мұғалімдер қауымына айтарым, мейірім көрсете отырып, тыйым салынған заттардан жас жеткіншекті бойын алыс ұстауға үйрету. Тек жақсы жолға бетбұрыс жасату.
Жас ұрпақ аман болсын,ақылшы ата-ана,ұстаздар көп болсын дегім келеді.

Тұрсынбала Ибеева,
ардагер ұстаз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.