Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сот отырысы бүгін, 3 тамызда Атырау қаласындағы №2 сотта басталған еді. Небәрі 20 минутқа созылды. Одан кейін 11 тамызға ауыстырылды. Бұған Бақытгүл Хаменованың айыптау актісінің көшірмесін алмауы себеп болған.
Айта кетейік, биыл 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен болатын.