Елімізде жұқпалы індеттің өршуіне байланысты дәріханаларда кезек пайда болып, қажетті дәрілердің бағасы өзгерді деген ақпарға байланысты жұмыс соңында дәріханалардағы жағдайды көріп шықтым. Одан бөлек аудандағы сауда орталықтарындағы азық-түліктер бағасына да назар аудардым. Сауда орындары мен дәріханалардың иелеріне баға тұрақтылығын сақтауды ескерттім. Құрметті шулықтар, өз білгендеріңізбен ем-доммен айналыспауға, әсіресе, күшті антибиотиктерді дәрігердің кеңесінсіз пайдаланбауға шақырамын. Өйткені, салдары ауыр болуы мүмкін. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде пайда болған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамын. Аурудың алдын алу мақсатында қажетсіз үйден ұзамағандарыңыз абзал. Ауданымызда жағдай тұрақты. Ресми ақпаратты жеке парақшамда жариялайтын боламын.
Н. Календеров,
Шу ауданының әкімі