A place where you need to follow for what happening in world cup

Жаңа техникалар табысталды

268

Өткен аптада облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ -де орман шаруашылығы мекемелерінің өрт қауіпсіздігі кезеңіне дайындығы мен алдағы міндеттері туралы семинар-кеңес өтті. Аталмыш жиынға барлық аудандағы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелердің басшылары қатысты. Семинардың ашылу салтанатында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков сөз сөйлеп, басқосудың мән-маңызына тоқталды. Бұдан кейін басқармаға қарасты барлық аудандағы мекемелерге 20 су жаңа техникалардың кілті табыс етілді. Орман өртінің алдын алу шаралары талқыланған семинар-кеңесте сала мамандары бүгінгі дайындығы мен алда тұрған міндеттері туралы баяндады. Қазіргі кезде орман шаруашылығы саласындағы басым бағыттардың бірі – орманды даланың аумағын ұлғайтып, оны көзжің қарашығындай сақтап қалу. Тиісінше, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың да ауқымы кеңейе түскен. Айта кету керек, соңғы екі жылда басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелердің метариалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында жергілікті қазынадан 515 миллион теңге бөлініпті. Нәтижесінде, облыстағы орман шаруашылығы мекемелеріне 85 дана техника мен 62 дана басқа да негізгі құрал-жабдықтар алынған. Тұтастай алғанда, қазіргі кезде аталмыш мекемелердің материалдық-техникалық базасының жабдықталуы 65,5 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А.Оразбеков мемлекеттік мекемелер алдағы уақытта қажетті техникалармен түгелдей қамамасыз етілетінін жеткізді. «Өткен жылы біршама техникалар алынған болатын. Ағымдағы жылы да обылстық бюджеттен 209 миллион теңге қаражатқа қол жеткіздік. Аталған қаржыға 49 дана техника мен 51 дана негізгі құрал-жабдықтар алуды жоспарлап отырмыз. Бұл жоспар толығымен орындалса, мекемелердің техникалармен қамтамасыз етілуі 75 пайызға жетпек» — деді Аслан Ұланұлы. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығы аяқталғанға дейін жоспарланған техникалар толығымен тиісті мекемлерге үлестірілетіндігін жеткізген басқарма басшысы нәтижелі жұмыстың болатынына сенім білдірді. Семинар-кеңестің соңы Қосқұдық орман шаруашылығы мекемесінің өрт жасақтарының өртке қарсы оқу-жаттығу жиынына жалғасты.

Ерғали АСХАТҰЛЫ .

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.