Бүгін Төле би ауылындағы М.Жүнісалиев саябағында ерекше балалардың көңілін бір сәтке болса да көтеру мақсатында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен “Көкейімдегі бір әлем” атты кең көлемдегі іс-шара болып өтті. Саябақта мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер бұйымдарының көрмесі көрсетілімге орналастырылып, спорттық шахмат, асық, үстел теннисі ойындары ойнатылып, балалар көңілінің сергіп қалуына септігін тигізді. Аталмыш бағдарламада әннен шашу шашқан өнерпаздар да шоғырланған көпшіліктің қуанышты күйге бөленуге ықпалын тигізді.