A place where you need to follow for what happening in world cup

Бүлдіршіндердің ойын алаңы – сыйлықтың төресі

211

Бала ойынмен өседі. Ал қалалық жерлерде бала ойнайтын алаң салу да қаржыға келетін іс. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтары балаларымен жүздесетін күнді асыға күтіп, оларға мекеме аумағынан жаңа ойын алаңы жаб¬дықтауда.
Жобаны іске асыруға мекеме әкімшілігі тарапынан қолдау көрсетілген. Аталған ойын алаңында әртүрлі спорт құрылғылары, әткеншектер, сырғанағы мен құмсалғышы бар. Сотталғандар жаңа ойын алаңының айналасын бірнеше күн бойы тазартып, түрлендіріп жіберген.
– Мұның барлығы балаларымыз үшін. Кездесуге рұқсат берілген кезде, біз олардың жүзінен қуанышты көргіміз келеді.Оларға арнап тама¬ша сый жасауға мүмкіндік берген мекеме басшылығына ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Ойын баласы таза ауада көбірек уақыт өткізуі тиіс, — дейді Жанболат есімді жазасын өтеуші.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.