A place where you need to follow for what happening in world cup

БҚО-да тергеу изоляторының төрт қызметкері тұтқындарды қинағаны үшін айыпталуда

57

Батыс Қазақстан облысында тергеу изоляторының төрт қызметкеріне тұтқындарды қинағаны үшін айып тағылды. Олардың қылмыстық ісі Орал қалалық сотына жіберілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мой ГОРОД» басылымының мәліметінше, Қылмыстық-атқару жүйесінің РУ-170/12021 мекемесінің қызметкерлері 2021 жылы наурыз айында сотталғандардың бірқатарын жарақаттаған. Бұл туралы БҚО прокуратурасы мәлімдеді.

Белгілі болғандай, осы арқылы олар арада болған жанжал үшін тұтқындардың жазасын бермек болған.

«Бұл әрекеттер Қазақстан ратификациялаған адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттардың нормаларына қайшы келеді. Тергеу жинастырған деректер негізінде қылмыстық құқық бұзушылық жасалды деуге болады», – деді прокурорлар.

Қызметкерлер ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы «Азаптау» бойынша айыпталуда. Екі сотталушыға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, қалғандарына келу міндеттемесі тағайындалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.