A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауыз су жүйесін қосуға бір апта уақыт берілді

127

       Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың төрағалығымен аудан әкімі аппаратының кезекті отырысы өтті.  Аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Исабеков, аудан әкімінің орынбасарлары А.Нәметқұлов, Б.Қалымбетов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысқан жиында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының орындалу барысы туралы» Жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Қалымбетова мен аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Исақов баяндады. Сондай-ақ Ж.Исақов «Ауылдық округтер бойынша кездейсоқ жатқан күл-қоқыстар туралы», «Округтерде ауыз суды пайдалану туралы» мәселелерге де тоқталып өтті. Ауылдардағы жолдарды жөндеу, ауыз су жүйесінің ескірген құбырларының ауыстырылуы кесте бойынша атқарылуда.  Ал тазалық мәселесі қозғалғанда ауылдар маңындағы күл-қоқыстар слайд арқылы көрсетіліп, кемшіліктер бетке басылды. Ал  аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Төлеулиев аудандағы 4 бағыт бойынша да әлеуметтік төлемдер өз дәрежесінде төленіп жатқандығын жеткізді.

      Аудан әкімі аппаратының басшысы М.Көшкімбаев облыс әкімінің ауданға сапары кезінде берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы айтып өтті.

       Аудан әкімі М.Мұсаев аудандағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тиісті жұмысшыларды тарту, жұмыстың уақытылы, сапалы жүргізілуіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ мектептердегі жөндеу жұмыстарын 15 тамызға аяқтауды тапсырды.  Ауыл, ауылдық округ әкімдеріне елді-мекендердегі тазалық жұмысын жүйелі жүргізу, бұл ретте ақылы қоғамдық жұмысшыларын тиімді пайдалану керектігі баса айтылды. Сондай-ақ күл-қоқыс төгетін орындарды ретке келтіріп, тұрмыстық қалдықтарды сонда апару керектігі де айтылмай қалмады. Бұл ретте кәсіпкерлермен келісім-шартқа әрбір ауыл тұрғыны отыруы керектігі сөз болды.

       Аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы барлық ауылдардағы ауыз су мәселесі туралы айта келіп, Ж.Исақовқа бір апта ішінде Бурыл-Байтал- Мирный-Шығанақ ауыз су жүйесін толықтай іске қосуды тапсырды.

     Отырысты қорытындылаған аудан басшысы М.Мұсаев облыс әкімі сапары кезінде айтылған тапсырмаларды өз уақытында орындау, аудандағы сайлаушылардың тізімі, олардың жеке куәліктерінің жарамдылығын анықтауды  ауыл, ауылдық округ әкімдеріне тапсырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.