A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауылдың экономикасы көтерілмей ел еңсесі көтерілмейді

266

Қазіргі таңда ауылды өркендету Үкіметтің жіті назарында. Оның ішінде біздің өңірден бастау алған өңір тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасы. Жасыратыны жоқ, бұл жоба өз тиімділігін дәлелдеді. Бүгінгі күні жоба ел бойынша жүзеге асырылуда. Күні кеше бұл мәселені ҚР Парламенті Мәжілісінің сессия отырысында депутат Нұржан Әшімбетов көтерді. Халық қалаулысы бастаманың ауылдағы кәсіпкерлерге тиімді тұстарын атап өтті.

Мен де осы жоба арқылы несие алып, цех аштым. Қазіргі таңда 6 ауыл азаматын тұрақты жұмыспен қамтып, соқа, тырма, грейдер, жазық кескіш, бетон араластырғыш, мала, канал тазалағыш (арычник) скрепер, қопсытқыш, су  бүрккіш, қызылша егетін, жинайтын, ұсақтағыш техникаларды өздері құрастырып жатырмыз. Табысымыз жаман емес. Несиемді уақытылы жауып жатырмын.

Алда жоспарлар көп. Бүгінгі күні өніміміз еліміздің басқа да өңірлеріне сатылуда. Бұл жоба тірлік етемін деген азаматтарға тамаша қолдау. Сондықтан ауыл азаматтары бұл жобаның игілігін көруі қажет.

Әмірбек Төлепов,

Байзақ ауданы, Үлгілі ауылының тұрғыны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.