A place where you need to follow for what happening in world cup

«Ауыл береке» базарында кеңес беру алаңы ұйымдастырылды

287

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 11 наурызы күні сағат 10.00-13.00 аралығында Тараз қаласындағы «Ауыл-Береке» базарының аумағында ақпараттық кеңес беру алаңы жұмыс жасады.

Шара барысында мемлекеттік қолдау тетіктері, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, білім, жұмысқа орналасу, дін, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау тетіктері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, міндетті медициналық сақтандыру талаптары және т.с.с салаларды қамтыған мәселелер бойынша қабылдаулар өткізілді.

Кеңес беру алаңында жастар мен жергілікті тұрғындар өздерін мазалаған сұраққа жауап ала алды. Кеңес алуға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй, жұмыспен қамту, мемлекеттік кірістер, жер қатынастары мамандарына жүгінді.

Кеңес беру алаңына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыс әкімдігінің білім, кәсіпкерлік және
индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, еңбек инспекциясы, экономика және бюджеттік жоспарлау, дін істері, жер қатынастары басқармалары мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КеАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы, мемлекеттік кірістер, облыс бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, «Jas Otan» Жастар қанаты, кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры өкілдері шақырылды.

Алдағы уақытта «Кеңес беру алаңы» жобасы тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.