A place where you need to follow for what happening in world cup

Кейуаналарға құрмет көрсетілді

174

Жер бетіне келген қай адамның болмасын арманы – ұзақ жасау. Тіпті, жүзден асып, бұйырған дәм тұзын отбасы Кейуаналарға құрмет көрсетілді
ошақ қасында татып жүргендер қаншама. Әңгіме, олардың ұзақ жасауында емес. Осынау ғұмырында көрген-білгенін, танып-түсінгенін ұрпаққа өнеге ете білуінде болса керек-ті.
Бүгінде біздің ауданда да ғасыр-ғұмырды еңсерген 5 бірдей кейуана тұрады. Нәзікжандылардың төл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Жарылқасын Айтақов және оның орынбасары Әлихан Балқыбеков ғасыр жасаған әжелерімізді құттықтап, баталарын алып қайтты (суреттерде).
Аудан басшысы ең әуелі Еңбек ауылында тұратын Айшакүл Адамкулова есімді әжеміздің шаңырағына бас сұқты. Биыл 100-ші көктемін қарсы алып отырған кейуана 11 баланы дүниеге әкелген батыр ана екен. Немересі Қайрат Адамкуловтың қамқорлығындағы әжеміздің жүзін әжім басса да санасы сергек. Жарылқасын Әбдіғапарұлы әжемізге гүл шоқтарын сыйлап, сый-сияпатын табыстап, қайтуға жиналған сәтте-ақ ақ батасына қол жайдырған әжеміз «Іздеп келгендеріңе алғыс айтамын. Сендерге менің жасымды берсін, бейнетімді бермесін!» деді.
Бұдан кейін аудан әкімі Қонаев ауылдық округінде тұратын 100 жастағы Ермеш Асхамбаева әжеміздің шаңырағында болып, шежіре-ғұмырлы жанды аналар мерекесімен құттықтап, сый-сияпатын табыс етті. Иә, тіл көзіміз тасқа, екі ғасырды еңсеріп, бүгінде үбірлі-шүбірлі болып отырған әжелеріміздің жастары ұзақ болып, берекесі белден асқан бейбіт заманның куәгері болып жүре берсін дейміз.

Ерғали АСХАТҰЛЫ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.