A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауыл әкімінің есебі оң бағаланды

220

Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округінің әкімі Бағдат Сатыбалдиев Сарыөзек, Құмөзек ауылдарының тұрғындары алдында өзінің 2020 жылға арналған есеп беру жиналысын өткізді. Есеп беру жиналысына Аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов, аудан әкімдігінің ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Дулат Алтамашев және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын санитарлық талаптар мен арқашықтықты сақтай отырып өткізілді.
Жиынды ауыл әкімі ашып, жыл ішінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Бүгінгі күні Қарабөгет ауылдық округінде халық саны 1633 адам болса, оның ішінде Құмаөзекте 135 отбасы,750 адам, Қарабөгетте 85 отбасы, 481 адам, Сарыөзекте 76 отбасы, 402 адам тұрады екен. Жұмыспен қамту жол картасы аясында округте оның ішінде Сарыөзек ауылындағы Қ.Сәтбаев орта мектебі 84 млн теңге қаржат бөлініп күрделі жөндеуден өткен. Сонымен қатар Қарабөгет, Құмөзек ауылдарында әрқайсысы құны 12 млн 500 мың тенге тұратын шағын футбол алашалары соғылыпты.Оған қоса Қарабөгет ауылында А.Байтұрсынов, Құмөзек ауылында Ы.Алтынсарин орта мектептерінің ішіне құны 4 млн теңгеге болатын оқушыларға арналған әжетхана салынған және. Сондай-ақ округ әкімі Б.Сатыбалдиев 2021 жылы атқарылатын жоспарларында баяндады. Қарбөгет, Сарыөзек ауылдарына құны 741 млн теңге болатын ауыз су жұмыстары жүргізілетінін, Сарыөзек ауылына құны 12 млн теңге боллатын шағын футбол алаңшасы салынатынын, Қарабөгет ауылының Жамбыл, Қонаев көшелеріне және Құмөзек ауылының Кенешов, Абай көшелеріне жол салынатынын жеткізді.
Есепті жиынға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов баяндаманы тыңдай келе, денсаулықты сақтау саласына қатысты мәселелерге түсініктеме беріп, ауыл тұрғындарын өткен сайлауда ұйымшылдық танытқандарына алғыс білдірді.Сондай-ақ коронавирус инфекциясына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды. Жиналыс барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс, пікірлер: Ауыл тұрғыны О.Оңғарбаев ауылдағы почта қызметінің нашарлығын айтып алдағы уақытта жақсартуды ұсында. Ауыл тұрғындары округ әкімінің берген есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.