A place where you need to follow for what happening in world cup

Аурудың алдын алу мәселелері талқыланды

182

Жаңатас көпсалалы колледжінде колледжде медбике Н.Абдуллаеваның ұйымдастыруымен «Коранавирустың алдын алу» тақырыбында жеке топтар арасында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші мамандары А.Есенбекова, Қ.Байбосын, Ж.Садырбек, Сарысу аудандық ұлттық сараптама орталығының дезнұсқаушысы С.Аяжанова, СӨСҚ кабинетінің медбикесі Р.Сейтхазиевалар қатысты.
Жиында тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының маманы Ж.Садырбек Коранавирус туралы мәлімет беріп, алдын алу жолдарын түсіндіріп айтып,слайдтар көрсетті. Студенттерге гигиеналық тазалық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұрыштамалар таратылды. Жетекші маман А.Есенбекова Коранавирустың жұғу жолдарын,қорғану жолдарын нақтылап түсіндіріп берді. Қ.Байбосын осы ауруды жұқтырмау үшін әр адам баласы өз-өзіне сақ болып, жекек бас гигиенасын сақтап, түшкіру әдебін сақтап жүру керек екенін атап айтты.
Сарысу аудандық Ұлттық сараптама орталығының дезнұсқаушысы С.Аяжанова дезинфекциялық преппапраттарды үйде өз бетінше қолдану адамға өте зиян екенін түсіндірді. Ауданымызда арнайы дезинфекцилық жұмыстарды орындайтын мамандар бар екенін, оларды үйге шақыруға болатынын айтты.
Жиын соңында колледж медбикесі Н.Абдуллаева «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында баяндама оқып, бұрыштамалар таратты. Студенттер өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып , ой-пікірлерімен бөлісті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.