A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан бойынша 57 үміткер тіркелді

157

         Елбасымыз, Nur Otan   партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  «Nur Otan партиясының 7 серпіні – Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» атты партия жұмысын қайта жаңдандыру  бағдарламасын жүзеге асыру барысын және  партияның ішкі іріктеуін өткізу мәселесін талқылаған партия  Саяси кеңесі Бюросында атап өткеніндей, қазіргі уақытта праймеризге қоғам тарапынан зор қызығушылық бар. Өткен аптада аудандық мәдениет Үйінің үлкен залында үміткерлер арасында жеребе тастау рәсімі өтті. Рәсімді Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Естаев ашып, праймериздің мақсаты мен міндеттері, ерекшеліктері, ашық диалогтың берер пайдасы жайлы кеңінен баяндап берді.

      -Праймериздің міндеті — халықтың партиялық тізімдерді қалыптастыру, қоғам қолдауына ие, нақты жағдайды білетін беделді көшбасшыларды, белсенді адамдарды бәсекелестік негізінде іріктеу болып табылады. Праймеризге қатысушылар жергілікті жерлерде өткір мәселелерді ашық көтеруі және кемшіліктерді анықтап, нақты шешімдер ұсынуы керек. Праймериз  барлық қатысушылар үшін әділ, ашық және тең жағдайда ұйымдастырылады. Партия праймеризіне қатысуға облыс бойынша 853 үміткер тіркелсе, соның 57-сі мойынқұмдықтар. Ауданда 35 жасқа дейінгі 18 азамат праймеризде бақ сынымақ. Ал әйелдер қауымынан 17 үміткер тіркеуден өтті. Оның ішінде 1 көп балалы ана бар. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі бір азамат партияішілік сайлауға қатысады. 7 қыркүйектен бастап праймериздің келесі кезеңі – үгіт жұмыстары басталады. Сондай-ақ 14-30 қыркүйек аралығында онлайн режімде жария пікір сайыстар (дебат) өтеді.  Пікірсайыс 21 қыркүйекте Мойынқұм ауылында, 23 қыркүйекте Бірлік ауылында, 25 қыркүйекте Шығанақ ауылында өтеді.  Бұл пікірсайыстың мақсаты — әр үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын дауыс беруші бастауыш партия ұйымының мүшелеріне таныстыра отырып, депутат болған жағдайда дауыс берушілердің сенімін ақтау үшін өз тарапынан қандай нақты істермен шұғылданатынын айқындап беретін болады. Партияішілік іріктеудің жеңімпаздары  Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған партиялық тізімдерге енгізіледі. Ал іріктеуден өтпеген, бірақ елеулі қолдауға ие болған азаматтар партияның жаңа кадрлық резервіне енетін болады, — деді партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Тұрарханұлы.

     Рәсімге қатысушы үміткерлер өздерінің түсінбей жүрген бірқатар сұрақтарын қойып, оған тиісінше жауаптарын алды.

Жолдыбай ДӘМЕТОВ,

Мойынқұм ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.