Жұма күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттарына аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары ретінде сайланған Болатхан Ниязбеков таныстырылды. Атап өтерлігі, аудан әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы Нұржан Календеров пен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев арнайы қатысты.
Алдымен Н.Календеров қатысушылар алдында сөз сөйлеп, партиялықтардың жиналу мақсатымен таныстырды. Осыдан кейін Б.Нарбаев партия тарапынан алдағы уақытта жүргізілетін маңызды жұмыстар туралы атап өтіп, қатысушыларға партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының өмірбаяны мен қызмет жолы жайлы айтты.
Жиын соңында Балабек Нарбаев Болатхан Ниязбековтың жұмысына нұротандықтар қолдау көрсететіндігіне сенім білдіріп, еңбекте табыс тіледі.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық