A place where you need to follow for what happening in world cup

«Асыл Арман» психологиялық клубы

327

Ағымдағы жылдың, 13-ші қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша №67 мемлекеттік мекемесінде психологияға қызығушылық танытқан шаруашылық қызмет жасағына қалдырылған сотталғандар арасында психологиялық клуб құрылды. Бұл клубтың басты мақсаты: қарым-қатынас, эмоциялар психологиясы саласынан негізгі ұғымдарды қалыптастыру, сотталғандардың танымдық қызығушылығын, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, одан әрі өзін-өзі дамытуына ынталандыру.
Психологиялық клуб мүшелігіне 5 сотталған азамат өз келісімін берді. Алғашқы клубты ұйымдастыру сабағы және танысу тренингі сәтті өтті, сотталғандар өзара ішкі жан дүниелерін танып, жағымды психологиялық климат қалыптасты. Клуб мүшелері өз топтарына ат қойып, эмблемасын ойлап тапты және топ атының мән-мағынасын суретпен жеткізді.
«Армансыз адам, ормансыз бұлбұл» демекші, әр адамның өз қол жетпес, аңсаған арманы болады. Арманға жетер жолындағы, аздаған қиындыққа мойымай бастарын тік көтеріп, мекемеде шаруашылық топта қызмет етіп жүрген бұл сотталғандар топ атауын «Асыл Арман» деп таңдады. Топ мүшелерінің асыл арманы — өз жанұяларымен бақытты, ұзақ ғұмыр кешу. Психологиялық клубтың алғашқы тренинг сабағы әсерлі эмоцияға толы болды. Сотталғандар тарапынан қызығушылық артып келеді және алдағы уақытта клубтың әр жеке тұлғаға өз пайдасын берері анық.

Жамбыл облысы бойынша №67 мемелекеттік мекемесінің инспектор психологы әділет лейтенанты

А.Е. Аташева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.